НЗМ түлектердің бірлестігі
Назарбаев Зияткерлік мектептері өнерлі, мақсаттарын алдына қоя білетін және қойған мақсаттарына жете білетін, жан-жақты тұлғалардың бір емес, бірнеше ұрпағын тәрбиеледі. “Тарыдай болып кіресің, таудай болып шығасың” демекші, кешегі қанаттары қатаймаған оқушылар бүгін түлектерге айналды. Қазіргі таңда Назарбаев Зияткерлік мектептері 10 000 астам түлектерді ересек өмірге аттандырды. Назарбаев Зияткерлік мектебінің түлектері, яғни біздің әрқайсысымыз өз даму жолымызды таңдадық, және біз жиылсақ - көппіз! Әлемнің түпкір-түпкірінен бір-бірімізді тауып, жетістіктерімізбен бөлісіп, бір-бірімізге қол ұшын созу мақсатында, әрі мектептермен байланысты сақтап тұру үшін “Alumni Nazarbayev Intellectual Schools” қоғамдық бірлестігі қызмет етуде. Барлығымыз бірлесіп, өз білімімізді, мүмкіндіктерімізді, потенциалымызды Қазақстанның және әлемнің даму жолында қолдануға тырысамыз.