
Әлемнің қандай қаласында болмасын, қоқысты бөліп жинайтын, қайта өңдеп, экологияны тазартуға тырысатын өндіріс орындары бар. Еуропаның Вена, Осло және Копенгаген қалалары қаланың қақ ортасында орналасқан қоқысты өртейтін зауыт, пластик бөтелкені қабылдадйтын арнайы аппараттармен әйгілі болса, біздің зияткерлік мектептер қағаз тапсыратын макалутура пунктері мен қоқысты бөліп жинайтын қораптардың болуымен ерекшеленеді.
Түлектеріміздің көбісі шоғырланған Алматы және Нур-Султан қалаларындағы қалдықтарды тапсыру пунктері туралы ақпаратпен бөлісіп, сүйікті қалаларымызды қалай көркейтуге болатыны туралы жазбақпыз. Баламалы энергияға бағытталған көрмеден кейін бе, әлде прогрессивті ойларды қолдайтын жастардың көп болғанынан ба, білмеймін, әйтеуір Елордамыздағы қалдықтарды қабылдайтын пунктердің саны біразға артқан.
ASTANA CLEAN TIME
Қаламыздағы ең белсенді жұмыс істеп жатқан ұжымдардың бірі. Тіпті, оқу орындарының өзінде қабылдау пунктерін ұйымдастыруға жауапкершілік алған.
Мекенжайы:
- Кравцов көшесі, 2/1;
- Сейфуллин даңғылы, 65;
- Иманов көшесі, 50/1;
- Достық даңғылы, 5/1;
- Түркістан даңғылы, 30.
Жұмыс кестесі:
Сейсенбі - Жексенбі — 09:30-19:00
Байланыс нөмірі: +7 701 351 37 00
Нені қабылдайды? Қағаз, шыны, пластик, металл, полиэтилен.
АҒАЙЫНДАР KZ
Бұл жоба 2014 жылдан бері іске асып келеді және қайта өңдеу үрдісімен отандық өнеркәсіптегі ұйымдар айналысады.
Мекенжайы: А-369, 10/4
Жұмыс кестесі: Дүйсенбі- Сенбі — 09:00-19:00
Байланыс нөмірі: +7 778 968 11 08
Не қабылдайды? Батареялар, қағаз қалдықтары, электроника, пластикалық-резеңке қалдықтары, құрамында сынап бар қалдықтар, көлік құралдары, алюминий банкалары, тұрмыстық техника және басқа қалдықтар.
GREEN STATION
Бұл жерге қалдықтарды тапсырғаныңыз үшін сізге азын-аулақ сыйақы береді.
Мекенжайы: Абылай хан даңғылы, 29/2
Жұмыс кестесі: Дүйсенбі - Сенбі — 09:00-18:00
Байланыс нөмірі: +7 702 502 33 62
Нені қабылдайды? қағаз, пластик,шыны және целлофан.
ECOSBOR.KZ
Қаладағы қағаз қалдықтарды қабылдауға және өңдеуге маманданған ұйымдардың бірі.
Мекенжайы: А. Пушкин көшесі, 59/3
Жұмыс кестесі: Дүйсенбі-Сенбі — 09:00–19:00
Байланыс нөмірі: +77077784373
Не қабылдайды? Қағаз қалдықтар
LS ASTANA
Оң жағалауда орналасқан, көпбағытты қалдықтарды қабылдау пунктердің бірі.
Мекенжайы: Телжан Шонанұлы, 36а
Жұмыс кестесі: Дүйсенбі-Сенбі — 09:00–18:00
Байланыс нөмірі: +77754325909
Не қабылдайды? Пластмасса, қағаз және шыны
ROOF MASTER
Медициналық қалдықтарды қайда тапсыратыныңызды білмей жүрсеңіз, сізге осы ұйымға хабарласып көру қажет.
Мекенжайы: Бөгенбай батыр даңғылы, 16
Жұмыс кестесі: Дүйсенбі-Сенбі — 09:00-18:00, түскі ас 13:00- 14:00
Байланыс нөмірі: +7 (7172) 49-36-37, +7 (701) 305-13-18
Не қабылдайды? Медициналық қалдықтар, қағаз,пластмасса және батареялар
Эко-туризмді қолдау, ауа тазалығы туралы толық ақпараттану, эко-сөмкелерді қолдану және өзге де экологиялық трендтерді алматылықтар басқа қазақстандықтарға қарағанда көп қолдайды. Егер сіз Алматы қаласының тұрғыны болсаңыз, мақаланың келесі бөлімі арнайы сіз үшін жазылған.
KAZAKHSTAN WASTE RECYCLING
Қағаз және қатты қағаздың барлық түрлерін, пластикті және өзге қалдықтарды қайта өңдеу үшін қабылдайтын ұйым. 1 кг қалдық үшін 15 теңге төлейді. Олар жыл сайын 50 000 тонна қағаз қалдығын жинап, қайта өңдейді.
Мекенжайы:
- Ақсай-3в шағын ауданы, Төле би көшесі;
- Жолдасбеков көшесі, (Достық даңғылы мен Назарбаев көшесі арасында);
- 22 шағын аудан, 22-үй («Сары-Арқа» кинотеатрының жанында);
- Төле би көшесі,Мирзоян көшесінің бұрышы (Стрела дүкенінің жанында);
- Тимирязев көшесі, 81,(«Атакент» ауданы);
- 11 шағын ауданы (Шаляпин көшесі, Алтынсарин даңғылының қиылысы);
Жұмыс кестесі:
Дүйсенбі- Жұма --10:00-17:30(түскі ас 14:00- 14:30),
Сенбі 10:00 - 15:30 (түскі ас 13:00- 13:30).
Байланыс нөмірі: +7 778 968 11 08, +7 701 721 5530, +7 701 721 5531, +7 701 721 5541, +7 701 721 5573, +7 701 721 5572
Не қабылдайды? қағаз және пластик бөтелкелер.
«ТЕХНОДОМ» дүкендер желісі.
Еліміз бойынша өз дүкендеріне 100-ден астам электрондық қалдықтарды қабылдайтын дүңгіршектер орнатқан. Егер жұмыс жасамайтын құрылғыларыңыз немесе батареялар болса, осында тапсыруға болады.
Мекенжайы:
- Төле би көшесі, 59; ҚБТУ;
- № 15 гимназия мектебі, Гоголь көшесі, 133;
- Қазыбек би көшесі, 41,«RENCO-KAT» ЖШС;
- «Asiapark» ойын-сауық орталығы, Саин көшесі;
- MEGA Алматы ойын-сауық орталығы, Розыбакиева көшесі, 247а;
- MEGA паркі, Мақатаев көшесі, 127;
- «Армада» сауда орталығы, Қабдолов көшесі, 1;
- Сәтпаев көшесі, 16-18-18a, Тұран университеті
- Абай даңғылы, 2, КИМЭП Университеті
- Уәлиханов көшесі, 170
- «Променаде» сауда орталығы, Абай даңғылы, 44 / а.
- Айнабұлақ ықшам ауданы, 98б
- Құрманғазы көшесі, 178а
Жұмыс кестесі: Дүйсенбі-Жексенбі — 10:00-22:00.
Не қабылдайды? Электронды қалдықтар.
ZETA
Тұрмыстық тауарлар сататын дүкендер желісі платик бұйымдар, контейнерлер және полиэтилен пакеттерді қабылдайды, қайта өңдейді және қоршаған ортаны тазалауға ықпал етеді.
Мекенжайы:
- Райымбек даңғылы, 255;
- Березовский көшесі, 5а.
Жұмыс кестесі: Дүйсенбі-Жұма — 09:00-18:00,
Байланыс нөмірі: +7 778 200 05 82
Не қабылдайды?
Пластик, қайта пайдалануға болатын контейнерлер, полипропилен пленкасы, пластикалық бөтелкелерге арналған қақпақтар, қаймақ пен йогурт банкалары, тіс щеткалары (резеңке қоспасыз), пластик пакеттер және басқалар. Сонымен қатар, сіз мұнда пластикалық шелектер, орындықтар, үстелдер, гүл құмыралары, банка, көкөніс қорапшалары, пластик ілгіштер, ойыншықтар, сөмкелер, орауыш пленкалар, компакт-дискілерді әкеле аласыз.
Бұдан бөлек кимейтін киімдеріңізді H&M дүкендеріне өткізіп, жаңа киімге жеңілдік ала алатыныңыз туралы да еске салғымыз келеді.
Таза ауамен дем алып, жасыл табиғатқа тамсану үшін мемлекеттен немесе халықаралық ұйымдардан ауқымды жоба күту заңды нәрсе, алайда өзіміздің қолымыздан келетін нәрсемен айналысып, күнделікті қолданып жүрген өнімдерімізді тастай салмай, іріктеп жинау және қайта өңдеу пунктеріне тапсыру қоршаған орта алдындағы үлкен жауапкершілігіміз.
Алматы немесе Астанада тұмасаңыз, көңіліңіз түспесін, ғаламтордан қалаңызда қандай қабылдау пунктері бар екенін біліп, сіз де қалдықтарды өңдеуді бастаңыз. Таза қала жинақы, әрі жауапты тұрғыннан басталады!