Эндаумент қоры
Жиналған қаражат көлемі:
3 555 227 теңге
Белгілі бір кезеңге жиналған қаражаттың өсуі
Эндаумент қоры бұл не?

Эндаумент қоры (ағыл. Endowment – салым немесе үлес) - «Назарбаев Зияткерлік мектептері» мен «Alumni Nazarbayev Intellectual Schools» қауымдастығы сияқты коммерциялық емес ұйымдардың қызметін тұрақты қаржыландыру үшін құрылған сенім қоры. Капитал қор қызметіне қызығушылық танытқан тұлғалардың қайырымдылық көмегі арқылы құрылады. Жиналған қаражат инвестиция ретінде қолданылады(мысалы, құнды қағаздар, жылжымайтын мүлік сатып алынады немесе депозиттік шотқа салынады); Инвестициядан алынған пайыздар ұйым қажеттіліктеріне жұмсалады.

Не үшін Эндаумент қоры керек?

Эндаумент-қорлар шетелде кең таралған, кейбіреулері, тіпті, бірнеше ғасырлар бойы жұмыс істеуде. Оның ішіндегі ең үлкен қорлар – Нобель және Гарвард қорлары. Мұндай қордың артықшылығы - салымдар дереу жұмсалмайды, бірақ ұйым үшін тұрақты кіріс алуға бағытталған. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» мен «Alumni Nazarbayev Intellectual Schools». Қауымдастығының келесі онжылдықтардағы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін Эндаумент-қордың болуы қажет. Біз жоспарлап отырған студенттік шәкіртақылар сайысын, студенттердің ғылыми зерттеулерін, түлектерге арналған жыл сайын өтетін іс-шараларды қаржыландыру толықтай қордың жауапкершілігінде болады. Назарбаев Зияткерлік мектептерін дамытқысы келетіндер олардың түлектері Қордың қатысушысы бола алады.