
НЗМ бірлестігін кім және қашан құрды?
НЗМ түлектерінің тәуелсіз бірлестігін құру идеясы әрқашан болған. Осы идеяны жүзеге асыру қажеттілігі біздің түлектеріміздің саны 10 мың адамнан асқан кезде туындады. Сондықтан 2018 жылы Балғатай Арман НЗМ ДББҰ-ының даму бөлімінде қызмет атқраған кезде, түлектер қозғалысын нығайтуға өзі тіленді, ал әкімшілік болса Арманды қолдап, көмегін ұсынды. Осылайша, 2018 жылғы Наурызда бірлескен күш-жігермен Астана және Алматы қалаларында түлектердің екі үлкен кездесуі өтті, және олар бірлестікті құруға қарсы болмады. Түлектер мен НЗМ әкімшілігінің қолдауымен, Арман Әділет Министрлігінде ұйымды ресми түрде тіркеу ісіне кірісті. Қағаз жұмысы көпке созылып кетсе де, осы уақыт ішінде маңызды процесс басталды: түлектердің Telegram тобы құрыды және олар бірлесіп марафонға қатысты. (Айтпақшы, көпшілігіңіз біздің ұйымды Ассоциация деп атауға әдеттендіңіз, бірақ заңды себептермен біз Қоғамдық Бірлестік ретінде тіркелдік). НЗМ ДББҰ бастамасымен, түлектердің қалауы және қолдауымен 2018 жылдың 10 шілдесінде «Alumni Nazarbayev Intellectual Schools» қоғамдық бірлестігі барлығымызды біріктіру үшін өз қызметін ресми түрде бастады!
НЗМ Түлектері бірлестігінің міндеті қандай?
Мектеп бізге жоғары дәрежелі білім беріп, бойымызға адалдық, еңбексүйгіштік, үздіксіз білім мен мақсатқа талпыну секілді құндылықтарды сіңірді. Біздің Бірлестіктің міндеті - осы құндылықтарды сақтау және қорғау үшін Зияткерлік мектеп түлектерін басын қосу. Барлығымыз бірігіп, бір-бірімізді қолдай отырсақ, біз Қазақстанның дамуына оң әсер ететін білімді, прогрессивті, мәдени және салауатты қоғамды құра аламыз.
Бірлестіктің президенті кім?
Қазіргі уақытта Бірлестіктің президенті Арман Балғатай болып табылады. Арман Көкшетау НЗМ-нің 2012 жылғы түлегі. НЗМ-ді бітіргеннен кейін, ол Сүлеймен Демирел Университетінің ақпараттық технология факультетінде оқуын жалғастырған. Қазір, Арман халықаралық консалтинг компаниясындағы негізгі жұмысы мен Бірлестіктің президенті қызметін қатар атқарып келеді.
Бірлестіктің қазіргі құрамына іріктеу қалай өтті?
Бірлестік құрылу жаңалығы барлық түлектер арасында бірден таралып кетті. Бастапқыда бірлестіктің дамуына өз үлесін қосқысы келетін түлектер саны едәуір көп болды. Қазіргі құрам мүшелері бір-бірімен 2018 жылғы түлектердің бас қосуларында кездесті. Олар түрлі іс-шараларды өткізуге ықылас танытып, бастаған ісін аяғына дейін жеткізді, дамудың жаңа идеяларын ұсынып, барлық кездесулерге қатысты және осы арқылы құрам мүшелері бірлестікте жұмыс істегісі келетінін дәлелдеді. Әрбір іске деген ықылас пен жауапты көзқарас ұйым құрамын анықтады.
Құрамға қалай кіруге болады?
Құрам мүшесі атану үшін бірлестіктің іс-шараларына белсенді қатысып, бастама көтеру, және ең бастысы бастаған істі соңына дейін жеткізу керек. Мысалы, 2019 жылғы Қарағанды НЗМ түлегі Жукина Сағыныш жақында ғана біздің құрамымызға қосылды. Ол бірлестіктің барлық іс-шараларына қатысып отырды, видео түсіруге де, пост жазуға да әрқашан көмекке келуге дайын болып, өз жұмысын жауапкершілікпен орындады. Сондықтан, Сағыныш ресми түрде біздің команда құрамына ресми түрде енді.
НЗМ түлектер бірлестігін кім қаржыландырады?
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің “Даму қоры” бірлестігінің ресми демеушісі болып табылады.
Сіздердің логотипіңіз нені білдіреді?
НЗМ мектептерінің логотипі өркен екенін ұмытпаңыз. Біз барлығымыз мектеп бітіріп, түлек атандық, енді әр өркен үлкен ағашқа айналады. Біздің логотип - бұл НЗМ түлектерінің өсуі мен дамуын білдіретін күшті және тармақталған ағаш болып табылады!
Alumni сөзі нені білдіреді?
Ағылшын тілінен Alumni Түлектер деген сөздің аудармасы.
«Мен 12-сыныпта оқимын, сайтқа тіркелуге бола ма?»
Сіздер түлектер базасына тек мектепті бітіргеннен кейін түсесіз, сол себепті сайтқа тек мектепті аяқтағаннан кейін тіркеле аласыз.
«Менің іс-шара ұйымдастыру туралы ойым бар, сіздермен қалай байланысуға болады?», «Менің жобам бар, маған бірлестік қолдау көрсете алады ма?»
Біз әрқашан бастамаларға қуаныштымыз, сондықтан:
1. Сіз info@nisalumni.kz жаза аласыз
2. nisalumni.kz парақшасында Байланыс бөлімінде жүгініс нысанын толтыра аласыз
3. Біздің direct-ке жаза аласыз
«Бірлестіктің басқа филиалдары бар ма?», «Мен Alumni NIS бірлестігінің филиалын өз қаламда/университетімде ашқым келеді»
Бірлестіктің негізгі бөлімшесі астанамызда орналасқан, сонымен қатар Алматы қаласында да филиал бар. Егер сіз өз қалаңызда немесе университетіңізде НЗМ түлектерінің қауымдастығын құрғыңыз келсе, бізбен info@nisalumni.kz поштасы арқылы хабарласыңыз.