"Сказал себе, что стану здесь первым": Бернар и Жанар
29.08.2020

Бернар: «Набрал 1.5 балла из 40. Разозлился. Сказал себе, что стану здесь первым»

Сфера по олимпиадам: Физика, математика и робототехника

О себе и олимпиадах

Стол. Ручка. Пару А4. Тиканье часов. Кипящая голова…Крик Смотрящего. Осталось 20 минут. Думаешь о том, что вообще происходит? Зачем я здесь? Какая формула уравнения Шредингера? Спрашивают «в чем сила?». Вроде в Ньютонах. Или все-таки в Любви…Проходит 5 минут. Понимаешь, что ты сидишь на РЕСПЕ. Да еще по ФИЗИКЕ. Мало времени. Много заданий. Много вопросов и мало ответов. СТОП. Вернемся немного назад.

Привет, меня зовут @bernarsaparali. Я международный олимпиадник по физике, математике и программированию.Я люблю то, чем занимаюсь…Все началось с 10 класса и физики.

Нужны были грамоты. И крутые Extra Curricular. Я любил решать Физику. Решил без подготовки пойти на сетевую. Набрал 1.5 балла из 40. Разозлился. Сказал себе, что стану здесь первым. И Начал усиленно готовиться…

Через 6 месяцев: первое место на сетке. Прошел на республику. Бронза на республике. 3 место на олимпиаде от МФТИ. Вошел во вкус.

Я не брал IMO или IFO, но точно знаю то, как туда дойти и что нужно сделать.
Почему Бронза? А это совсем другая смешная история.

Подготовки к олимпиадам

Если вы слышали о правиле 80 / 20, то у меня было точно также. Я работал и решал по 7 часов в день. Не ходил на дополнительные занятия. Занимался только Физикой. #ЕБШ 27/7/365

Что полезного дали олимпиады, и чем бы вы хотели поделиться с другими?

Познакомился с ребятами со сборной: Акназар, Дияр, Тенгиз. Как бы это странно не звучало, но благодаря общению с ними, за 5 дней я узнал в десять раз больше чем за все то время, которое я тратил на физику.

Инсайт: Успех достигается тогда, когда ты окружаешь себя правильными людьми…Мне очень понравилось это общество. Однако на следующий уровень я не прошел. Думаю, что там еще более крутой движ.

Был ли я особенным? Конечно! Кажется, я делал все, чтобы быть таким…(нет). Одним словом, если вы хотите стать успешным, тусить, быть умным и общаться с крутыми чуваками, занимайтесь олимпиадами и проектами. Потому что это лучшее что можно делать в школе. Хватит лежать и бояться. Просто попробуйте! Всех люблю и желаю удачи. Знай, что ТЫ самый ЛУЧШИЙ!

 

Жанар: «…зейінім ашылып, өзгемен емес, өзіммен жарыса оқыған кезең болған еді»

Олимпиада саласы: Биология

Өзім және олимпиадалар жайлы

Менің есімім Жанар, Шымкент қ. ХББ НЗМ-нің 2016 жылғы түлегімін. Қазір Назарбаев Университетінде Биология Ғылымдары мамандығы бойынша білім алудамын. Қоғамдық өмірде айрықша белсенді емеспін, өзіме осылай ұнайды. Олимпиадаларға биология пəні бойынша қатыстым.

Барлығы НЗМ-ге түскен кезден басталды. Мен 8 сыныпта оқып жүргенде біздің қаламызда зияткерлік мектеп ашылған болатын. Мектепке түсе салысымен барлық пəннен олимпиадалық резерв іріктеле басталды. Биология пəнінен қатысып, 1-орын иелендім. Алайда ол кезде бұл пəнге деген қызығушылығым аса жоғары болмады, химияны сүйіп оқитынмын. Тек биология пəнінен мұғалімім Ұлжан Егембердіқызы “пысықтау” болып, “сені ешқайда жібермеймін” деп, химия олимпиадасына қатыстырмай қойды. Ең алғаш рет 8-сыныпта Павлодар қаласында өткен Қ. Сəтпаев атындағы ІІ халықаралық олимпиадаға қатысып, 3-орын алдым. 9-сыныпта Испанияның Барселона қаласында ГЛЮОН Халықаралық Интеллект-Клубының ұйымдастыруымен өткен “Интеллектуальный Марафон-2013” халықаралық олимпиадасында да жүлделі 3-орынға ие болдым.

Олимпиадаларға деген дайындық

Алғашқы екі олимпиадаға дайындалғанда жоғарыдағы биология пəнінен беретін мұғалімімде өте қарбалас кезең болатын. Ол маған қажетті материалдарды берді де, өзі докторлық диссертациясын жазу үстінде болды. Тек əр кез жол жүргелі жатқан кезде өзіме деген сенімімді мың есе өсіріп, қанаттандырып жіберетін. Дайындық кезеңі дейтіндей ерекше көңіл бөліп, кітап ашқан кезім республикалық пəндер олимпиадасы қарсаңы болды. Қателеспесем қысқы демалыс кезінде болуы керек, НЗМ олимпиада резервін Астанаға жинап, бір апта сабақ өтті. Шымкентке келгесін бір айдың ішінде Campbell-дің биологиясын зырылдатып оқып шыққаным есімде. Ең қызықты сəттер сол кездер болды. Ерекше зейінім ашылып, өзгемен емес, өзіммен жарыса оқыған кезең болған еді. Республикалық олимпиадада қола медальді місе тұтсам да, өзімнің едəуір өскенімді сезіндім.

Олимпиадалардан алған пайда мен басқаларға берер кеңесім

Білімдегі бəсекелестікті сүйемін. Мен танитын оқушылар арасында да оқуда бір-біріне қарсылас болғанымен, өмірде шынайы достасып кеткендері жетерлік. Олимпиада үстінде де, одан тыс оқушылармен бірге саяхаттаған кездерде де қызықты оқиғалар өте көп болды. Қобалжығаннан жетекшімнің аты-жөнін есіме түсіре алмаған жағдайдан бастап жазсам, мұнда бəрін сыйдыру мүмкін емес.

Ең бастысы - өз пəнін шынайы жақсы көру керек. Өзінің дəл сол пəннен ұзаққа бара алатындығын ақылмен де, түйсікпен де сезе алу. Неғұрлым ертерек қимылдау, себебі соғұрлым жылдамырақ алғашқы нəтижені көріп, ұзақ перспективада өз шама-шарқын есептей алады.

Олимпиада немесе өзге де сайысқа қатысу-қатыспау, орын алу-алмау, тіпті сабақты жақсы оқу-оқымау ешкімді адами тұрғыда анықтайтын критерий емес. Бір нəрсе сенікі екенін сезсең ғана сол іске білек сыбана кіріс. Тек білімді ғана арттырып қана қоймай, əрбір өткізген сəттен өзіңе пайдалы сабақ ал. Мектеп қабырғасында жүрсең осы мүмкіндікті бағалай біл, жаңашылдыққа, қарым-қатынасқа ашық бол, уақыт қайта оралмайды.