Президенттік жастар кадр резервіне 2 іріктеу басталады
18.08.2021

Мерзімі: 1-30 қыркүйек 2021

Талаптар:

  • Қазақстан Республикасының 35 жастан аспаған азаматтары; 
  • Жоғары білімінің болуы;
  • Жалпы еңбек өтілі - кемінде 5 жыл;
  • Орта деңгейден (В1) төмен емес деңгейде мемлекеттік тілді білу

Президенттік резервте болу мерзімі 3 жыл.

Резервке алынған адамдар Президент жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның шешімі бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасынжа бекітілген тәртіппен және шарттарда корпус конкурс бойынша бойынша саяси лауазымдарға, “А” корпусының лауазымдарына, “Б” корпусының басшы лауазымдарына және “Б” корпусының А санаты тобының лауазымдарына тағайындалуы мүмкін.

Президент тағайындаған адамдар, саяси қызметшілер, “А” корпусының мемлекеттік қызметшілері, Президенттік жастар кадр резервіндегі адамдар Резервке іріктеуге қатысуға жіберілмейді.

 

Іріктеу тәртібі

  • Өтінім беру / pkrezerv.gov.kz сайты арқылы / 1-30 қыркүйек; 
  • Қабілеттерді тестілеу / онлайн / 2 және 6 қазан; 
  • Тестілеуді верификациялау / онлайн / 9 қазан; 
  • Ситуациялық тапсырмаларды шешу / онлайн / 12 қазан;
  • Құзыреттерді бағалау / онлайн-офлайн / 25 қазан мен 28 қараша аралығы;
  • Сарапшылық комиссияда әңгімелесу / онлайн-офлайн / 3-10 желтоқсан; 
  • Ұлттық комиссияның отырысы / офлайн / 13-25 желтоқсан

Толық ақпарат: Президенттік жастар кадр резерві